Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 23-25 шілдедегі ресми бағамы 483,88 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар құны – 477,86 теңге, сатылымда – 482,32 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,39 теңгеден сатып алынып, 481,55 теңгеден сатылып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!