2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.
Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.
Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сыдықов Айдос Мұратұлының жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.
Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!