Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 21 қараша, 17:58

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

21.11.2025

7

0

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

– Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасының дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарыңыз. Шын мәнінде, қазақ халқы Армения жұртына, тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне зор құрметпен қарайды, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылды.

– Аса құрметті Президент мырза, мені Қазақстанға ресми сапармен шақырып, Астанада қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан бастау алды. Соның нәтижесінде маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның кейбірі жүзеге асырылды, қалған бөлігі орындалу үстінде. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе, – деді Армения Премьер-министрі Никол Пашинян.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: