Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 12 қаңтар, 21:59

Аумақтан тыс соттылық – әділ соттың кепілі

12.01.2026

17

0

        Сотта әрбір іс заңға сай, әділ және бейтарап қаралуы тиіс. Көп жағдайда сот істері талап қоюшы немесе жауапкер тұратын жердегі сотта қаралады. Алайда кейбір жағдайларда істі сол аумақтағы сот емес, басқа өңірдегі соттың қарауы қажет болады. Бұл құқықтық тетік аумақтан тыс соттылық деп аталады. Аумақтан тыс соттылық – істің белгілі бір аудан немесе қала сотында емес, өзге аумақта орналасқан сотта қаралуы. Мұндай шешім заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қабылданады және сот әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл институт ең алдымен соттың бейтараптығын сақтау үшін қолданылады. Кейде істі қарайтын сотта судьяларға қарсылық білдірілуі мүмкін немесе тараптардың біріне қысым жасалу қаупі туындайды. Осындай жағдайда істі басқа өңірдегі сотқа беру – ең дұрыс әрі заңды шешім болып табылады. Сонымен қатар, аумақтан тыс соттылық сот құрамын қалыптастыру мүмкін болмаған кезде де қолданылады. Әсіресе шағын аудандарда судья саны аз болғандықтан, істі қарау үшін өзге соттың көмегіне жүгіну қажеттілігі туындайды.
Қоғамдық резонанс тудырған істерде де аумақтан тыс соттылықтың маңызы зор. Істің басқа өңірде қаралуы сот процесінің ашықтығын арттырып, сот шешіміне деген сенімді күшейтеді. Бұл өз кезегінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Істі басқа сотқа беру туралы шешім заңда белгіленген тәртіппен, нақты негіздер болған жағдайда ғана қабылданады. Қарапайым азаматтар үшін аумақтан тыс соттылықтың басты пайдасы – әділ сотқа қол жеткізу.

Істің бейтарап сотта қаралуы әрбір адамның өз құқығын еркін қорғауына мүмкіндікбереді.
Қорытындылай келе, аумақтан тыс соттылық – сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін маңызды құқықтық құрал. Оның дұрыс қолданылуы азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, әділ қоғам қалыптастыруға қызмет етеді.

Жалағаш аудандық сот әкімшісінің

 бас маманы Р.Аккасинов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: