Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Дүйсенбі, 19 қаңтар, 00:05

Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысы қатаң бақылауда

18.01.2026

8

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланды. Күн тәртібінде өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қамтылды.

Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған түйткілдерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

“Коммуналдық қызмет сапасы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан су, жарық, жылу және газбен қамтуда іркілістер болмауы тиіс”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатынасын реттеуді және электр желілерінде орын алуы ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алуды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: