Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 19 қаңтар, 15:46

Ұлттық құрылтайда кітапхана қорының өзекті мәселесі көтерілді

19.01.2026

11

0

2026 жылы өткізілетін елімізге белгілі тұлғалардың мерейтойлар күнтізбесі бар. Олардың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау өскелең ұрпақтың рухани кемелденуіне септігін тигізетіні анық. 

Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай аясында өткен Әлеуметтік-даму секциясында Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Сондай-ақ, министр Ұлттық балалар кітапханасы мәселесі туралы ойын білдірді.

— Еліміздегі кітапханаларда оқитын кітап аз деуге болады. Өйткені осы отыз жылда бір автордың кітабы жүз, екі жүз, тіпті мың рет шыққан деректер бар. Атауын өзгертіп қайта-қайта шығара береді. Біз әр кітапхананың кітап қорын зерделеп шықтық. Шынымен, мұндай өкінішті жағдайлар көп кездесті. Балалар өзі оқығысы келіп, іздеген кітабын таба алмайды. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттырғымыз келеді, бірақ олардың сұранысын қанағаттандыратын дүниелер жоқтың қасы. Ол үшін толық деңгейде жағдай жасай алмай келе жатқанымызды ашық айтуымыз керек, — деді Аида Балаева.

Сондықтан министр Үкімет деңгейінде комиссия құрып, кітапханалар қорын толықтыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар бұл жұмысты жеделдету қажеттігін айтты. 

Еске салсақ, бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай басталды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: