Суық тию (ЖРВИ) және тұмау – бұл вирустардан туындаған жұқпалы аурулар. Жедел респираторлық вирусты инфекцияларда негізінен жоғарғы тыныс жолдары, яғни мұрын мен жұтқыншаққа әсер етеді. Бұл аурулардың белгілеріне мұрыннынан су ағуы, әлсіздік, бас ауруы,кейде жөтел. ЖРВИ көбінесе суық мезгілде пайда болады, бірақ көктем-жаз айларында да байқалуы мүмкін. ЖРВИ көп жағдайда 5-тен 10 күнге дейін созылады.
Тұмау ауруы негізінен қыс айларында тіркеледі. Тұмау кезінде тыныс алу жолдары ғана емес, бүкіл организм де әсер етеді. Бұл, ең алдымен, жоғары температура, бас ауруы, бүкіл денеде ауырсыну, қатты әлсіздік, тамақтың қабынуы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі. Жедел белгілер көбінесе бір апта ішінде байқалады. Әлсіздік тағы бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Тұмау көбінесе созылмалы аурулардың өршуімен бірге жүреді.
Тұмаудың алдын алудың негізгі шарасы вакцинация болып табылады.
* Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
* Медициналық маска қолдану;
* Қолыңызды үнемі және мұқият сабынмен жуу;
* Үй-жайда ылғалды жинау және желдету;
* Салауатты өмір салтын ұстану.Егер Сіз тұмаумен ауырсаңыз Сіз үйде қалып, дереу дәрігерден кеңес алу. Тұмаумен өзін-өзі емдеуге болмайды. Дәрігер диагноз қойып, сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес қажетті емдеуді тағайындайды. Емдеуші дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң орындау қажет: дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдау және ауру кезінде төсек демалысын сақтау, өйткені ауру жүрек-тамыр, иммундық және дененің басқа жүйелеріне әсер береді. Көп мөлшерде ыстық шай, шырын, минералды сулар ішу керек.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін науқасты сау адамдардан оқшаулау; тұрған үй-жайды үнемі желдету, тұрмыстық заттарды, едендерді дезинфекциялау құралдарымен сүрту қажет.
Мүмкіндігінше науқаспен қарым-қатынас шектету. Тұмаумен ауыратын науқасқа күтім жасау кезінде медициналық масканы пайдалану керек.
Г.Айымбетова – басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!