Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 22 қаңтар, 13:22

АУДАН ӘКІМІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР АУДАНДА САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

21.01.2026

40

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларын ауданда іске асыру мәселелері қаралды.

Мәжілісте аудан әкімі облыста өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысының маңызына тоқталды.

«Кеше облысымызда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел болашағына бағытталған тағылымы терең, маңызды жиын болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Құрылтайға облыс тарапынан тыңғылықты дайындық жүргізіліп, делегаттар Сыр өңірінде атқарылып жатқан ауқымды жобаларға жоғары баға берді. Аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен және аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстардың оң бағалануы – барша сырбойылықтар үшін, оның ішінде аудан жұртшылығы үшін де үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы мен қарқынды дамуына ерекше тоқталып, ауданымыздағы Таң ауылын бүкіл елге үлгі ретінде атап өтті. Бұл – ел игілігі жолындағы бірлескен еңбектің нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да Құрылтайда жүктелген міндеттерді басшылыққа алып, ауданымыздың дамуы жолында табанды еңбек етуіміз қажет, – деді А.Ибраимов.

Сондай-ақ жиында бюджеттік жоспарлар мен макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеліп, Ұлттық құрылтайдың V отырысында берілген тапсырмалардың аудан көлемінде сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: