Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Сейсенбі, 27 қаңтар, 19:52

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі бойынша атқарылған шаралар.

27.01.2026

9

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Қоғамда қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.
Жалағаш аудандық СЭБ басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде мәжілістер, жеке қабылдаулар, семинарлар өткізіледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі және жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылатындығы туралы ескертілді.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен танысу парақтары, шектеулер, жауапты лауазымды атқаратын адамдар алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру бойынша жадынамалармен таныстырылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жүйелі түрде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың аса маңыздылығын түсінеміз. Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсыда қатар жүретіндіктен, елімізде әлеуметтік хал-ахуалды жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, әр мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс деп білеміз.

Басқарма басшысы              Г.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: