Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сейсенбі, 17 ақпан, 02:36

Жалағаштық тұрғындар сауалдарына нақты жауап алды

16.02.2026

9

0

Жалағаш ауданындағы коалиция филиалының өкілдері Бейбітжан  Шілдебаев, Қуат Ахетов, Марзия Кенжеғұлова Аққыр ауылдық округі  тұрғындарымен кездесіп, конституциялық реформаның мазмұнын жан-жақты жеткізді. 

Жиын барысында ұсынылып отырған өзгерістердің стратегиялық маңызына тоқталып, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, мемлекеттік институттардың ашықтығын күшейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және халықтың шешім қабылдау процестеріне қатысуын кеңейту бағыттары түсіндірілді.

Коалиция мүшесі Бейбітжан Шілдебаев өз сөзінде «Жаңа Конституция жобасы – қоғам сұранысына жауап беретін маңызды құжат. Оның басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайту. Әрбір тұрғын өзгерістердің мәнін түсініп, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс», – деп атап өтті.

Кездесу ашық, диалог форматында өтіп, тұрғындар жаңа Ата заң  жобасына қатысты бойынша өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптарын  алды.

Жалағаш тұрғындармен кездесу 2.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: