Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сейсенбі, 17 ақпан, 20:05

Жаңа конституция жобасы оқушылар үйі қызметкерлеріне таныстырылды

17.02.2026

11

0

Жалғаш аудандық оқушылар үйінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және өңірлік коалиция мүшелері Мұрат Ергешбаев, Әмірбек Шаймағанбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Өмірзақ Елеусінов және аумақтық коалиция мүшесі Қаншагүл Мұстафаева мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, саяси реформалардың сабақтастығы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты жөнінде ақпарат берілді.
Спикерлердің айтуынша, құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылау және қоғамдық диалогты дамыту бағыттары сөз болды.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, конституциялық өзгерістердің мазмұнына қатысты сұрақтарын қойды. Жиын өзара пікір алмасу форматында өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: