Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сәрсенбі, 18 ақпан, 14:49

Ауданда «Алкогольсіз ауыл» көбейді

18.02.2026

11

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы «Алкогольсіз ауыл» жобасының маңызы зор. Аталған жоба республика бойынша іске асып жатқаны белгілі. Көп қылмыстың бастауында тұрған зиянды ішімдіктен бас тартқан ауылдар әр өңірде де жетерлік. Ресми деректерде Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы бірнеше елді мекен ішімдіктен бас тартқан.

Бұған дейін өзіміздің Қызылорда облы­сында 20-ға жуық ауыл салауатты өмір салтын ұстанатын елді мекендер қа­­тарына енген болатын. Олардың кей­біреуінде кейінгі үш жылда мүлде қылмыс тіркелмепті. Бұл – ауыл тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген ортақ мүддесі.
Қазір біздің ауданда ішімдікке мүлдем тыйым салған ауылдар саны тағы кө­беюде. Бұған дейін де «Алкогольсіз ауыл» жобасы кеңінен насихатталды. Жоба біршама елді мекенде сәтті жү­зеге асты. Мысалы, былтыр қыр­күйек айында Жалағаш аудандық проку­ра­ту­­­расының бастамасымен және жер­­гілікті қауымдастықтың белсенді қол­­дауымен Таң ауылы ресми түрде ішім­­­діксіз ауыл мәртебесіне ие болды. Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь өнімдерін сату лицен­зияларынан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қос­қан болатын. Сондай-ақ мұндай игі қа­дам бұған дейін ауыл ақсақалдары, ел ағалары және жастардың ықпалымен Еңбек және Аламесек ауылдарында жү­зеге асты. Сауда дүкендерінде спирттік ішім­діктер сатылмайтын болды.


– Иә, өткен жылы елді мекендерді аралау барысында жергілікті ауылдың тұрғындарына «Алкогольсіз ауыл» жоба­сына үн қосуды ұсындық. Жергілікті әкім­дік пен тұрғындар арасында сауал­нама жұмыстарын жүргізіп, халықтың 99 пайызы қолдап, нәтижесінде жергілікті кә­сіпкерлер алкоголь өнімін сатуға ар­налған лицензияларын өз еріктерімен мемлекетке өткізді. Осыған дейін Жа­лағаш ауданына қарасты Жаңаталап, Ала­месек, Темірбек Жүргенов, Мырзабай ахун, Еңбек және Таң ауылы алкогольден толықтай бас тартты. Бұл қалған ауыл­­дарға үлкен серпін берді. Ауыл тұр­ғын­­дары мұндай игі бастамадан қалыс қалмай, елдік шараны барынша қолдап отыр, – дейді Жалағаш ауданының про­куроры, аға әділет кеңесшісі Талғат Бек­тұрсынов.
Прокурордың сөзінше, қаңтар айының 20-сы күні аудан прокуратурасының бас­тамасы арқылы аудан әкімдігімен бір­лескен «Жалағаш – заңға бағынған, тәр­­тіпке негізделген аудан» жобасы бекі­тіл­ген. Бұл жергілікті уәкілетті орган­дар ық­палымен орындалуда.
– «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу­да уәкілетті органдар бірлесіп, ауыл тұр­ғындары арасында алкогольден бас тарту жөнінде сауалнама жүргізді. Мұ­ның мақсаты – қоғамдық тәртіпті ны­ғайту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқық бұзу­­шылықтардың алдын алу. Сауал­нама нәтижесінде 10 ақпан күні 3 ауыл­дық округ «Алкогольсіз ауыл» ре­тінде жарияланды. Енді қазір Жалағаш ауда­нына қарасты 9 ауылдық округ, атап айт­сақ, Мөрәлі Шәменов, Аққұм, Ақсу, Еңбек, Есет батыр, Таң, Мырзабай ахун, Темірбек Жүргенов және Жаңаталап елді мекендері алкогольден толық бас тартты, – дейді аудан прокуроры.
Бұл бастама қалған 5 ауылдық округке оң серпін беріп, аудан көлемінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Сондай-ақ әр ауылда өткен кездесуде аудан әкі­мінің орынбасары Ә.Дәрмағамбетов, ау­дан прокуроры Т.Бектұрсынов, ау­дан­­дық полиция бөлімінің бастығы М.Бай­мағанбетов және құқық қорғау сала­сының мамандары жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына «Алкогольсіз ауыл» жобасының құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді әрі оң бас­тама екенін атап өтіп, оған қолдау білдірген ауыл тұрғындарына, арақ са­татын лицензияларын өз еріктерімен өт­кізген кәсіпкерлерге алғыс білдіріп отыр.
Мұндағы ұстаным – отбасылық бе­реке мен тыныштықты нығайту. Қа­зір осы ауылдардағы мектеп, мешіт ­жә­не мә­дениет үйлерінде алкоголь зияны жай­лы жиі айтылып, мазмұнды кезде­сулер ұйымдастырылып жүр. ­Сон­дай-ақ ел ішін­дегі той-мерекелерді спирт­тік ішім­дік­сіз өткізуді де дәстүрге айна­лудыруға бет бұрғандай.

Ержан ҚОЖАС

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: