Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сәрсенбі, 18 ақпан, 19:09

КӨКЖӨТЕЛ АУРУЫ ТУРАЛЫ

18.02.2026

9

0

Көкжөтел – Bordetella pertussis бактериясынан туындайтын жедел жұқпалы ауру. Ауру негізінен ауа-тамшы жолы арқылы беріледі және әсіресе балалар үшін қауіпті болып саналады. Көкжөтелдің негізгі белгісі – ұзаққа созылатын ұстамалы жөтел. Алғашқы кезеңде ауру кәдімгі суық тиюге ұқсас басталады: мұрыннан су ағу, әлсіздік, дене қызуының сәл көтерілуі байқалады. Бірнеше күннен кейін жөтел күшейіп, ұстама түрінде пайда болады. Ұстама кезінде бала дем ала алмай қиналып, беті қызарып немесе көгеруі мүмкін. Кей жағдайларда құсу байқалады. Ауру әсіресе бір жасқа дейінгі сәбилер үшін қауіпті. Себебі оларда асқынулар – өкпе қабынуы, тыныс жетіспеушілігі, тырысу белгілері дамуы ықтимал. Көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға көкжөтелге қарсы екпе кешенді вакцина құрамында салынады. Уақтылы вакцинация ауыр түрлерінің және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Алдын алу шаралары ретінде жеке гигиенаны сақтау, науқас адамдармен байланысты шектеу, бөлмені жиі желдету және дәрігерге уақытылы қаралу маңызды. Көкжөтел – алдын алуға болатын ауру. Уақытылы екпе алу және медициналық ұсыныстарды сақтау – балалардың денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

Жалағаш аудандық санитариялық-                                   Г. Аймбетова

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: