Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сәрсенбі, 18 ақпан, 19:05

АПВ ВАКЦИНАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

18.02.2026

10

0

АПВ вакцинасы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе. Адам папиллома вирусы – өте кең таралған инфекция. Оның 100-ден астам түрі бар, соның ішінде қауіпті онкогенді түрлері жатыр мойны обырының, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктердің дамуына себеп болуы мүмкін. Жатыр мойны обырының негізгі себебі – АПВ инфекциясы. Вирус ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермей, ағзада жасырын түрде сақталуы мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында вакцинация жүргізу өте маңызды. АПВ вакцинасы ағзаны вирустың ең қауіпті түрлерінен қорғайды және жатыр мойны обырының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді. Вакцина иммундық жүйені күшейтіп, вирусқа қарсы арнайы қорғаныш қалыптастырады. Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11, 12, 13 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы егілуде. Бұл жаста вакцина ең тиімді болып саналады, себебі иммундық жауап жоғары деңгейде қалыптасады. Дәрігердің кеңесімен вакцинацияны ересек жаста да жүргізуге болады. Вакцина қауіпсіз және халықаралық зерттеулермен дәлелденген. Ең жиі кездесетін жанама әсерлер – екпе салынған жерде аздап ауырсыну, қызару немесе қысқа мерзімді әлсіздік. Ауыр асқынулар өте сирек кездеседі. АПВ-ға қарсы вакцинация – болашақтағы онкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді жолы. Уақытылы екпе алу – өз денсаулығын қорғауға бағытталған жауапты шешім.

Жалағаш аудандық санитариялық-                                   Г. Аймбетова

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: