Аққұм ауылында аумақтық коалиция өкілдері Қабылбек Нұрмағанбетов, Гүлжайна Айтжанова және Айкүміс Орынбаева ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасына ұсынылған өзгерістердің мазмұны түсіндірілді.
Жиында азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік институттардың қызметі, билік тармақтарының өзара қатынасы, қоғамдық бақылау тетіктері, сондай-ақ жергілікті басқару жүйесіне қатысты ұсынылған нормалар жөнінде ақпарат берілді.
Коалиция мүшесі Қабылбек Нұрмағанбетов өз сөзінде жаңа Конституция жобасы – елдің болашақ даму бағытын айқындайтын, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайтатын маңызды тарихи құжат екенін атап өтті.
Кездесу барысында аумақтық коалиция өкілдері тұрғындарға жаңа Конституция жобасындағы әрбір норма бойынша түсініктеме беріп, референдум маңыздылығын жеткізді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!