Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 19 ақпан, 20:24

МЕМЛЕКЕТ – АДАМ ҮШІН: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫ

19.02.2026

9

0

Бүгін Мәдениет ауылында аумақтық коалиция өкілдері – Абдреева Бақыт, Нұржанов Болатбек, Дюсекбаев Ғани, Шөменова Ләйлә, Қожабаева Гүлжанат спортшылармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі бағыттар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтау мәселелері талқыланды.
Спикерлер спортшылардың елдің рухани дамуы мен бірегейлігін нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып, жаңа Ата Заң жобасында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті.
Кездесу барысында аумақтық коалиция өкілі Шөменова Ләйлә: “Жаңа Конституция жобасы – әділетті, ашық және жауапты мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам. Ата Заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі қағидаты нақты айқындалған.»- деп атап өтті.
Жиын барысында спортшылар өз ұсыныс – пікірлерін білдіріп, саланы дамытуға қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жаңа Конституция жобасының мазмұнын тереңірек түсіндіруге және реформалардың қоғам үшін маңызын айқындауға мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: