Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 24 ақпан, 18:55

Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

24.02.2026

11

0

24 ақпан күні Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесуі өтті.

Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді


Кездесуге Қазалы аудандық мәслихат депутаттары – Әбіл Күншығар Әбілұлы мен Кәдір Ардақ Нартайұлы арнайы спикер ретінде қатысып, конституциялық реформаның басты бағыттарын баяндады. Сонымен қатар оқу орнының ұстаздары, техникалық қызметкерлері мен студент жастар белсенді түрде қатысып, пікір алмасты.

Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді


Жиын барысында жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту тетіктері, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілік қағидаттары түсіндірілді. Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Баекеева Шәрбану Толыбайқызы білім беру саласына қатысты конституциялық кепілдіктер, сондай-ақ референдумның ел болашағы үшін маңызын айтты.

Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді


Спикерлер педагогтер мен студент жастарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды. Кездесу ашық форматта өтіп, белсенді студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Айта кету керек, осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да ауданның әртүрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жүйелі түрде жалғасын тауып, конституциялық реформаларды кеңінен насихаттауға бағыттала бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: