Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 25 ақпан, 16:22

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

25.02.2026

13

0

Бүгін аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аумақтық коалиция өкілдері ауданның “Наркескен” спорт клубының спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және оның қоғам дамуына ықпалын талқылау болды.

Жиынға коалиция мүшелері Ахметжамиев Асхат, Жақсылықова Айқын, Қаюпова Гүлсім, Кенжеғұлова Марзия және Тәуіпбаев Асылбек қатысып, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына кеңінен тоқталды. Олар жаңа құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыру, жастар саясатын дамыту және бұқаралық спортты қолдауға құқықтық негіз қалыптастыру мәселелері қамтылғанын атап өтті.

Кездесу барысында Тәуіпбаев Асылбек өз сөзінде:

«Мемлекетіміздің болашағы – дені сау, білімді әрі жігерлі жастардың қолында. Жаңа Конституция жобасында жас ұрпақты қолдау, олардың қабілетін шыңдауға жағдай жасау бағытындағы нормалар нақты көрініс тапқан. Бұл – спорт саласының да дамуына тың серпін береді», – деді.

Сонымен қатар жиында спорттың ұлт саулығын нығайтудағы рөлі, жас спортшыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау және ел болашағын қалыптастырудағы жастардың жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу болды. Спортшылар өз ұсыныстарын білдіріп, сауалдарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар қоғам дамуына бағытталған бастамаларды қолдап, алдағы референдумға белсенді қатысу қажеттігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: