Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:27

Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

03.08.2022

562

0

Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Фронттар солтүстіктен оңтүстікке ауыса отырып, жаңбыр жауғызады, салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемі бар жерлерде жауын-шашын тоқтайды.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: