Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Бейсенбі, 19 наурыз, 19:59

Аудан тұрғындары жаңарған Қызылорданы аралауда

19.03.2026

8

0

Қызылорда қаласы мен аудандарынан келген делегация мүшелері қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, түрлі мазмұндағы іс-шараларға қатысуда.

Аталған сапар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында өтіп жатқан Наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінгі күн – Жаңару күні ретінде ел өміріндегі оң өзгерістер мен жаңа бастамалардың маңызын айшықтай түседі. Бұл өткенді саралап, болашаққа нық қадам басатын, жаңғыру мен жаңару идеяларын дәріптейтін ерекше күн.

Сапар барысында қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отырған инфрақұрылымдық жобалармен, білім, мәдениет және спорт салаларындағы нысандардың жұмысымен танысып жатыр.

Делегация мүшелері қаланың қарқынды жаңару үдерісіне, жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен тың бастамаларға жоғары бағасын беріп, олардың өңір дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Аудан тұрғындары жаңарған Қызылорданы аралауда1.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: