Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесіне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның қазыналы қарияларына арнайы барып, облыс әкімінің және барша жалағаштықтардың атынан мерекемен құттықтады.
Мерекелік құттықтау барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстар мен игі бастамаларға тоқталып, олардың халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтті. Ардагерлер елдегі бірлік пен берекенің нығаюына тілектестік білдіріп, атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді.
Қазыналы қарияларға мерекелік құрмет көрсеткен аудан әкімі кездесуде Наурыз сый табыстап, шапан жапты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!