Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 02 сәуiр, 20:01

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

02.04.2026

11

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Аталған отырыста Жалағаш ауданы бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шаралар туралы «Жалағаш ауданының Мансап орталығы» филиалы директоры Телібаев Ғалымжан Қуанышұлы мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бөлембаев Қанат және Мектеп асханаларынының жай-күйі туралы Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы хабарлама жасады.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат Алмасұлы мен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат оқылған баяндамалар бойынша өз ұсыныстарын айтып және жұмыстар бойынша сапаны арттыру керектігін, алдағы уақытта партиялық бақылау комиссиясының жауапкершілікпен ауқымды жұмыстар атқарылатындығын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: