Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 17:19

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2026 жылдың бірінші тоқсанының  жұмыс қорытындысы бойынша  баспасөз  конференциясы өтті

08.04.2026

9

0

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасыА.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі  Е.Созақбаев қатысты.

Шара барысында аудандық соттың   төраға міндетін атқарушы А.Мизанбаев 2026 жылдың бірінші тоқсанында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 372  іс қаралып, аяқталған.

Оның ішінде, азаматтық-258,  әкімшілік іс-0  қылмыстық-18, әкімшілік құқық бұзушылық -96.

Аяқталған 258 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-66,  шешім-95, тоқтатылған іс саны-73, қараусыз қалдырылған-23, басқа соттың қарауына жолданғаны -1. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-73, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 54 іс. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-118,  неке бұзу-14, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-66, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-6.

Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-18), оның ішінде 4 іс өткен жылдан қалдыққа қалған.

Үкім шығару арқылы-7 іс, тоқтатылған-5, (медиация тәртібімен татуласқан-0), соттылығы бойынша жолданған-6, сотталған адам саны-9.

Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-0,  бас бостандығын шектеу-5, бас бостандығынан айыру-4, айыппұл-0, шартты жаза тағайындалғандары-0.

Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ.

Жеңіл санаттағы қылмыс-3, ауырлығы орташа қылмыс-0, ауыр қылмыс-4, теріс қылық санатындағы қылмыс-0.

Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-0 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-2 іс, ҚР ҚК   108-1,109-1 баптарымен яғни, тән ауруына ұшырату немесе өзге де зорлық-зомбылық іс-әрекеттер-3 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында-4  іс. ҚК 190 бабы Алаяқтық-2

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 94 іс түскен, аяқталғаны 196, 1 іс  келесі тоқсанған қалдық қалған, жаза тағайындалғаны-70, тоқтатылғаны-25, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-0. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-37, ескерту-3, қамаққа алу-29, көлік құралын басқару құқығынан айыру-1, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -3   адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-25 іс қаралған.

                                                                                                                              
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: