Туберкулез – адам ағзасына әсер ететін жұқпалы аурулардың бірі. Бұл дерт көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерге таралуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – микобактериялар, олар ауа арқылы адамнан адамға жұғады.
Туберкулез негізінен:
Жөтелгенде, түшкіргенде ауа арқылы.
Ауру адаммен ұзақ уақыт бір бөлмеде болғанда.Иммунитеті әлсіреген адамдарға оңай жұғады
Белгілері:
Туберкулездің алғашқы белгілері көп жағдайда байқалмай, біртіндеп дамиды:2–3 аптадан астам созылатын жөтел
Қақырықта қанның болуы.Дене қызуының көтерілуі
Түнгі тершеңдікӘлсіздік, тез шаршауСалмақ жоғалту
Анықтау және емдеуТуберкулезді ерте анықтау өте маңызды. Ол үшін:Флюорография немесе рентген тексеруі
Қақырықты зерттеуАрнайы сынамалар жүргізіледі
Емдеу ұзақ уақытты талап етеді (6 айдан 1 жылға дейін).Науқас дәрігердің нұсқауын қатаң сақтауы тиіс, өйткені емді үзсе, ауру асқынып, басқа адамдарға жұғу қаупі артады.
Алдын алу шаралары
Туберкулездің алдын алу үшін:
- Уақытылы вакцина алу (БЦЖ)
- Жеке гигиенаны сақтау
- Дұрыс тамақтану,
- иммунитетті күшейту
- Үй-жайды жиі желдету
- Жыл сайын медициналық тексеруден өту
Туберкулез – алдын алуға және емдеуге болатын ауру. Ең бастысы – дер кезінде дәрігерге қаралу және емді толық қабылдау. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау әр адамның өз қолында.
Г.Айымбетова – басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!