Елімізде есірткіге қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгіленіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы белсенді түрде күрес жүргізілуде.
Есірткіге байланысты 2025 жылдың 12 айында аудандық сот өндірісіне 14 іс түскен, оның ішінде 2-і соттылығы бойынша басқа ауданға қарау үшін жолданған.
Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 11 тарауының 296-300 баптарында көрсетілген.
Сотталушы Н.Н деген азамат есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау мақсатында, 2025 жылғы 19 қарашада сағат 16:30 шамасында өз үйінде отырып, қағаз қиындысына оралған, өзіне тән ерекше иісі бар, есірткі затын сыртқы киімінің қалтасына салып алып, жолда полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеріп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, Н.Н-тың жеке басына тінту жүргізіліп, оның үстіндегі күртешесінің сыртқы қалтасынан «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, ол жалпы салмағы 2,68 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.
Сотталушы С.С деген азамат 2025 жылдың көктем мезгілінде үйінің артқы бөлігінде орналасқан жерге есірткі затын заңсыз егіп өсіруді жоспарлап, өзінің үйінің артқы бөлігін кетпен мен күректі пайдалана отырып, жерлерді тазалап,өзімен бірге сақтап жүрген есірткі затының тұқымдарын заңсыз егіп, 2-3 күн сайын қара түсті пластмасс шлангамен және сиымдылығы 20 литр болатын шелекпен суарып, күнделікті өсуіне жағдай жасап, күтіп-баптап, ірі мөлшерде заңсыз өсірген.
С.С өзі заңсыз егіп өсірген құрамында есірткі заты бар сора өсімдіктерінің жапырақтарын қиып алып, өзі пайдалану үшін арнайы кептіріп, өзінің тұрғылықты мекен-жайында ірі мөлшерде заңсыз сақтаған.
Есірткі қолданушылар өздерінің тұрып жатқан үй ауласын есірткі егуге арнаған, ал үй ауласында тұрған сарай ішін есірткі шегуге, сақтауға бейіміп, көшеде, қоғамдық орындарда өздерімен бірге қалталарына салып алған.
Жалағаш аудандық соттың бас маманы Судья Одағының мүшесі Б.Исағабылов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!