Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 18:59

Жастар кабинетінің жұмысы жүйелі

07.04.2026

8

0

Былтырдан бастап аудандық емханада жастар денсаулығы кабинеті өз жұмысын бастады. Аталған орталық 29 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдерге медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді. Жастарға тегін кеңес беріп, аурушаңдықтың алдын алуда жүйелі жұмыс жасап келеді. Жұмыс 4 қағида бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, қолжетімділік, еріктілік, мейірімділік пен сенім бір арнада ұштасқан.

Жастар денсаулығы кабинеті 14-29 жас аралығындағы жастарға ар­налған, яғни мұнда жастарға ме­ди­ци­налық, емдік-профилактикалық кө­­­­­мек, психоәлеуметтік және құқықтық қыз­меттерді тегін ұсынады.
Жауапты дә­рігер Ақбота Бектае­ва­ның айтуынша, орталықтың басты мақ­саты – жастардың репродуктивті ден­саулығын қорғау, психологиялық са­уаттылығы бойынша білімін арттыру, яғни мектеп жасындағы оқушылар ара­сында ерте жүктіліктің алдын алу, жоспарланбаған жүктіліктен сақ­тану, жұқпалы және жұқпалы емес ау­рулардың алдын алу мәселелері бо­йынша кеңес беріледі. Тағы бір ерек­ше­лігі, мұнда дәрігермен кеңес жұ­мыс­­тары құпия түрде жүргізіледі. Бұл жас­тардың кәсіби мамандарға өздерін ма­­залаған сұрақтар мен қиындықтарын еш бүкпесіз айтып, тегін кеңес алуға мүм­­кіндік беріп отыр.
Қазіргі таңда орталықта тұрақты түр­де қыздар денсаулығын қарайтын ги­неколог, ерлер денсаулығына жауапты уролог, тері мен венерологиялық ауру­ларды емдейтін дерматовенеролог пен психоәлеуметтік қолдау көрсететін пси­холог және құқықтық кеңес беретін заң­гер жұмыс жасайды.
«Жастық шақ – албырт шақ» деп жатамыз, яғни өтпелі кезеңге жеткен әр жастың мінез-құлқы өзгеріп, ата-ана­сымен жиі жанжалдасып, белгісіз себеп­термен жақындарына қарсы шығып жат­қанын жиі көріп жүрміз. Мұндай кезде жасөспірімдер өзін жалғыз се­зініп, тұйықталып, үнемі ашушаң күйде жүреді. Жалпы өтпелі кезең ата-ана үшін де, бала үшін де қиын. Бірі бұл кезеңнен сүрінбей өтсе, енді бірі өз-өзіне қол жұмсап жатады. Мұндай қай­ғылы жағдай орын алмас үшін орта­лықта жастарды психологиялық қолдау жұмысы да қарастырылған, яғни мұнда мамандар жастармен суицидтің алдын алу бағытында жұмыс жасап, оның ішінде жеке және топтық жұмыстар жа­салып, пайдалы ке­ңес беріледі.
Сонымен қатар мұнда жастар ара­сында салауатты өмір салтын сақ­тау­­ да насихатталады. Жас­тардың дұ­рыс тамақтанып, шылым, алкоголь, есір­ткі сынды зиянды заттардан бас тар­­туы үшін түсіндірме жұмыстары жүр­­гі­зіледі. Мұнан бөлек орталық құ­қық­­тық кеңес беру жұмысын да на­зар­дан тыс қалдырмаған. Мұнда жас­тар мен жасөпірімдер құқықтары мен мін­­деттеріне қатысты сұрақтар бо­йын­ша заңгерден көмек алады.
– Мұн­дағы мамандар өз ісіне жауап­кер­­шілікпен қарап, жастармен тығыз қарым-қатынас орнатады. Әсіресе пси­хологиялық көмек пен құқықтық ке­ңес беру жұмыстары жоғары дең­гей­де өтеді. Мұнда көбіне мектеп жа­сын­дағы оқушылар келіп, өздерін ма­­за­лаған сұрақтар бойынша білікті ма­­ман­дармен кездеседі. Нәтиже де жоқ емес. Сондай-ақ кабинет керекті құрал-жаб­дықпен толық қамтылған. Жастар тек денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап алып қана қоймай, мұнда жаңа орта құрады. Кез келген жас мұнда бос уақытында келіп шахмат, дойбы сын­ды ойын ойнап, бос уақытын тиімді өткізе алады. Орталыққа келіп, жаңа дос тауып, денсаулығына бейжай қара­май­тын жастар жағы күн сайын артуда, – дейді Ақбота Бектаева.
Орталыққа жауапты дәрігердің ай­туынша, мұнда қазір «Салауатты мек­теп» жобасы бойынша 6 мектептің жо­ғары сынып оқушылары мен колледж сту­денттері, яғни 350 оқушы қамтылған. Олар мұндағы мамандармен апта­сына бір рет семинар сабақ өтеді. Орта­лыққа жауапты маман алдағы уақыт­та кентке қарасты бар­лық ауылдың мектеп оқушыларын қам­ту жоспарда барын жеткізді.
Сала маман­дарының назарынан ақпараттық-наси­хат жұ­мыс­­тары да тыс қал­маған. Жас­тар денсаулығы орталығы тек орталық қабырғасымен шектелмей, жастардың арасында салауатты өмір салтын кеңі­нен насихаттап, семинар-тренинг, дөң­ге­лек үстелдер өткізеді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде бел­сенді ақпа­рат­тық жұмыстар жүргізіп келеді.
Аталған орталықтың жастар үшін пай­дасы мол. Олардың уақытылы ме­ди­циналық тексерістен өтіп, қажетті ем-шарасын алуға, ата-аналарына айта алмаған кей мәселелерді білікті ма­­ман­дардың көмегімен шешуге үлкен үлес қосып отыр. Орталық тек осындай қызметтермен шектелмей, жастардың саулығы үшін алдағы уақытта басқа да білікті мамандармен бірлесіп жұмыс жасамақ. Бұл жастарға тек медици­налық көмек көрсететін мекеме ғана емес, оларға сенім мен қолдау біл­ді­ре­тін мекен іспетті.

Сезім НҰР

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: