Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сейсенбі, 14 сәуiр, 22:16

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – қоғам дамуының кепілі

06.04.2026

10

0

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл құбылыс қоғамның тұрақты дамуына елеулі қауіп төндіріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кері әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін жеке пайдасына заңсыз пайдаланумен сипатталатын құқық бұзушылық. Оның көріністеріне пара алу және беру, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, мемлекеттік ресурстарды заңсыз иемдену жатады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Тиісті заңнамалық база қалыптастырылып, уәкілетті органдар тарапынан кешенді шаралар қабылдануда. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептелігін арттыру, цифрландыруды дамыту, қоғамдық бақылауды күшейту осы бағыттағы негізгі тетіктердің бірі.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Білім беру ұйымдарында парасаттық мәдениетін дәріптеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында тұрақты жұмыстар жүргізуде.

Осы орайда әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру-құқықтық мемлекет құру басты шарттарының бірі.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның белсенді қатысуын талап етеді. Бірлескен күш жігердің нәтижесінде ғана заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, әділ әрі ашық қоғам қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

Жалағаш аудандық Мемлекеттік

қазынашылық басқармасының

бас маман-бас қазынашысы                     

К.Каипбаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: