Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 15 сәуiр, 01:19

Сауда базарлары заманауи форматқа көшуде

14.04.2026

12

0

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов сауда базарларын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Жол картасы аясында өңірде 4 нысан кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Қазіргі таңда олардың бірі – «Сұлтан-2» базары толықтай жаңғыртылып, техникалық режимде пайдалануға берілді. Ал қалған 3 базарда құрылыс жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде.

Жаңғырту жұмыстары сауда орындарының инфрақұрылымын жақсартуға, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. 

Сонымен қатар, базарларды заманауи талаптарға сәйкестендіру, санитарлық және қауіпсіздік нормаларын күшейту, сауда процесін жүйелеу мәселелері де басты назарда.

Сауда базарлары жаңа формат 2.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: