Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Бейсенбі, 16 сәуiр, 21:08

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгеріс енгізіледі: ІІМ мәлімдеме жасады

16.04.2026

16

0

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, ұсынылып отырған түзетулер рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, емтихан тапсыру әрекеттерінің санына қойылған шектеуді алып тастау көзделіп отыр.

Сондай-ақ практикалық емтиханды мерзімінен бұрын әр 10 күн сайын ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі енгізіледі. Одан бөлек 30 күнде бір рет тегін қайта тапсыру құқығы сақталады.

Сонымен қатар цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылмақ. Емтихан қабылдау процесін автоматтандыру деңгейін арттыру және адам ықпалын барынша азайту бойынша шешімдер пысықталып жатыр.

Ведомство медиа-порталының жазуынша, мұндағы басты міндет — көлік жүргізу дағдыларын объективті бағалауды қамтамасыз ету, баршаға тең жағдай жасау және кез келген заң бұзушылыққа жол бермеу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: