Жаңаталап ауылдық округіндегі №141 сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіппен жүріп жатыр. Тұрғындар өз таңдауын жасауға келіп, елдік маңызы бар іске атсалысуда. Солардың қатарында бүгін ерекше сәтімен есте қалған тұрғын – Райханбек Мусаев. Ол дәл өзінің туған күнінде сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады. Бұл күн ол үшін тек жеке мереке емес, сонымен қатар ел тағдырына қатысты маңызды шешіммен ұштасқан ерекше күнге айналды.Ауыл тұрғыны сайлаудың маңызын ерекше атап өтіп, әр азаматтың дауысы ел дамуына әсер ететінін жеткізді. Оның айтуынша, туған күнді тек қуанышпен ғана емес, елдік жауапкершілікпен қарсы алу – саналы азаматтың белгісі.Бұл сәт көпшілік тарапынан жылы қабылданып, туған күн иесінің азаматтық ұстанымы мен елге деген құрметінің жарқын үлгісі ретінде бағаланды.
Туған күнді елдік таңдамен ұштастырды
21.06.2026
146
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!