Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

39°C

, Жұма, 31 шiлде, 17:11

Қазақстандық оқушыларға биылғы оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді

31.07.2026

8

0

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылдың 26 қазаны мен 1 қарашасы аралығында өтеді.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылдың 28 желтоқсаны мен 2027 жылдың 10 қаңтары аралығында өтеді.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылдың 8-14 ақпан күндері аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылдың 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Сондай-ақ министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілгенін атап өтті. Толық ақпарат оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: