Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 19:46

Ақпараттық-танымдық шара өткізілді

19.09.2022

528

0

Бүгін аудан әкімдігі мен Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен «Салық – Мемлекет қазынасы» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – салық төлеушілерге сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін болып жатқан өзгерістер туралы ақпараттарды жеткізу.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Мария Искакова, аудан тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында концерттік бағдарламалар, ойындар және толғандырған сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдаулар жүргізілді.

Айта кету керек, Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына арнап «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» ақысыз мобильді қосымшаларын іске қосқан. Бұл қосымшаларды қолдану арқылы салық төлеушілер салық міндеттемелерін орындау процестері айтарлықтай жеңілдейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: