Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 20:11

Салықтың екі түрі үшін бір төлем жасалады

05.10.2022

530

0

Биыл облыс бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығынан бюджетке 132,4 млн.теңге түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева мәлімдеді.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы жаңа формада біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төленіп, салықтың екі түрі үшін бір төлем жасалуда.

«Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанға дейін екені белгілі. Осы тұста, салық төлемеген тұлғалар заңнама нормаларына сәйкес банк қызметтерін ала алмайды. Оның ішінде, банк шоттар ашуға, аударымдар жасауға, несие рәсімдеуге шектеу қойылған.Сонымен қатар, мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Айта кеткен жөн, «e-Salyq Азамат» арқылы қандай көлікке, мүлікке салық есептеліп тұр көруге болады. Және де қате тіркелген нысандарды түзетуге, жаңартуға өтініш бере алады»,-деді Гүлжамал Сейтбайқызы.

Сонымен қатар, жеке көлігі бар азамат салық сомасын өз бетінше есептеп, келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлейді.

310422318_1634314486964057_7008086497663132895_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: