Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тууын тіркеу кезінде туу туралы медициналық куәліктерді әділет органдарына беруді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді бұл құжатты Қазақстандағы танымал банк платформасынан онлайн алуға болады.
Туу туралы куәлікке өтінішті тікелей қосымшада беруге болады. Өтінімде баланың аты – жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін – куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдау керек.
Өтінімді берген кезде ата-аналар қосымшаның бейнетексеруінен өтуі тиіс. Яғни, смартфон камерасына жүзіңізді көрсету шарт. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған. Бұл сервис Денсаулық сақтау, Әділет, Инновацияларды цифрлық дамыту және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, «ҰАТ» АҚ және банк компаниясымен бірлесіп іске асырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!