Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 00:33

Аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың мәселелерін тыңдады

13.10.2022

315

0

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов жеке қабылдауына жазылған тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне қажетті тетіктерді қарастырды.

Жеке қабылдауға тұрғындардың өтініштеріне сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімі қатысты.

Жеке қабылдауда тұрғындар тұрақты жұмысқа орналастыру, тұрғын үйге газ кіргізу, демеушілік көрсету сияқты мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Асқарбек Есжанов әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.

Сонымен қатар, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлімнің жауапты қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: