Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:34

Мырзағалиевтер отбасы сайлауда

20.11.2022

356

0

Еліміздегі соңғы жылдары болып жатқан өзгерістердің барлығы дерлік ел игілігі үшін жасалып жатқан жүйелі істер деп білеміз. Оның ішінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістердің тиімділігін өз нәтижесін беріп келеді. Ал бұған дейінгі елді мекен әкімдерінің саялауында да белсенділік танытқан жалағаштықтар бүгінгі саяси науқанда да өз таңдауларын жасауға асығуда.

Жалпы бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Көптен күткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Таңғы сағат жетіден бастап жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне аялдаған біз бұл жолы да аудан тұрғындарынан қарқындылықты байқадық. Аудан орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесіне ең алғашқы болып кент тұрғыны Айгүл Иманова келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. «Жаңа Қазақстанды» құру жолында жасалып жатқан әрбір игі іске қолдаушымын. Бұл саяси науқанның да маңыздылығы жоғары деп білемін. Сондықтан өз участігіме ертелетіп келіп, ертеңін ел болашағымен байланыстырған, өзім қалаған үміткерге дауыс бердім» дейді.

Ал ҚР Президентінің сайлауы аса жауапты әрі маңызды науқан деген Мырзағалиевтер отбасы да алғашқылардың бірі болып келді. Болат Мырзағалиев пен Роза Ералы апамыз әрбір саяси науқанда отбасы болып белсенділік танытуды әдетке айналдырған. Ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды күнде, маңызды сәтте көппен бірге тілекші бола білетін Мырзағалиевтер үлкен өзгеріс жарқын бастаманың алғашқы баспалдағы екенін айтады. «Тәуелсіз еліміз аз ғана уақыт ішінде өркендеді, дамыды, талай саяси науқандарды бастан өткізді. Енді міне бүгін қазақстандықтар Ел Президентін сайлау мақсатында таңдауларын жасауда. Біз де жолдасым екеуміз таң азанымен келіп, өз участігімізде дауысымызды бердік. Әрқашан бірлігі бекем, тірлігі ширақ Жалағаш жұртының бүгінгі саяси науқанда белсенділік танытанына сенеміз» деген Роза Ералы қоғам болып атсалысқан істің әрқашан нәтижелі боларына сенеді.

Ал біз табан тіреген Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесі комиссия төрағасы Еркебұлан Жамалатов болса участікке қарасты 1300 сайлаушы болса, жарты сағат көлемінде 80-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасағанын айтады. Участік тарапынан алғаш келген 5 сайлаушыға және ең қарт сайлаушыға, сонымен бірге отбасымен бірге өз таңдауын жасаған азаматтарға сыйлықтар беріліпті. Айта кетейік №128 сайлау участігіндегі ең қарт сайлаушы Шыңғыс Айбосынов ағамыз. Көпті көрген ел ағасының ел болашағының жарқын боларына сенімі мол. Ақсақалын ардақтаған елдің ұрпағымыз ғой, ең қарт сайлаушыға науқан барысында шапан жабылып, құрмет көрсетілді.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: