Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 20:33

Жалағаш ауданы: Көпбалалы әке өз таңдауын жасады

20.11.2022

792

0

ҚР Президенттігіне сайлау науқаны Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылдық округіндегі №151 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де басталды.

Сайлау учаскесі сайлау комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып, Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.

Ауылдық округте таң атысымен өз таңдауымды жасаймын деп келген тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алғашқылардың бірі болып Нұржан Әбдәлиев күндегі тіршілігін бір сәтке ысыра сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.

– Бүгін еліміз үшін саяси маңызды күн десем болады. Барлық кандидаттармен және олардың сайлауалды бағдарламаларымен етене таныспыз. Мен де ауыл халқымен бірге өз таңдауымды жасап, азамматтық белсенділігімді көрсеттім. Дауысымды қай үміткерге бергенім жасырын болсын.  Әрбір сайлаушы осындай саяси науқандарда белсінділік таныту қажет деп ойлаймын. Қазір ауылда халықтың белсенділігі анық байқалады. Мен бұдан екі мыңға жуық халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын түсіндім, – дейді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, ауылдағы білім ошағында жұмыс жасайтын Нұржан Әбдәлиев көпбалалы әке. Ол бұған дейінгі саяси науқандардан да шет қалмапты.

.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: