Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 02:12

Қазақстан 400 миллион долларға 100 түрлі тауар экспорттауға дайын – Президент

19.07.2023

2343

0

«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитіне қатысып отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл ауқымды кездесуге ерекше мән беретінін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қазақстан бүгінгі кездесуге ерекше мән береді. Үлкен саяси ықпалға, экономикалық және инвестициялық әлеуетке ие Шығанақ елдері көптеген негізгі бағыттар бойынша біздің маңызды серіктестеріміз болып табылады.

Орталық Азия мемлекеттерінің өңірішілік ынтымақтастығын жандандыру және өңірдің жаһандық маңыздылығын нығайту біздің көпжоспарлы өзара іс-қимылымызды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрине, бұл іске «ОА+» диалогтық форматтары елеулі үлес қосады», деді Мемлекет басшысы.

Осы тұста Президент ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірнеше басым бағыт бойынша өз пікірін ортаға салды.

«Ең алдымен, бұл – сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту. Соңғы жылдары біздің аймақтың ынтымақтастық кеңесі елдерімен сауда-саттығы қарқынды дами бастады. Мұны ерекше атап өткен жөн. Бірақ көрсеткіштер біздің әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді. Тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін бізде барлық мүмкіндік бар», деді Президент саммит барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет.

«Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын», деді Қазақстан Президенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: