Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 20 мамыр, 08:40

Италияда өрт пен дауылдан бес адам қаза тапты

26.07.2023

541

0

ҚазАқпарат – Сицилия мен Апенниннің оңтүстік өңірлері өртпен күресіп жатса, солтүстікте билік дауыл салдарынан төтенше жағдай енгізуге шақырды. Табиғат апатына ел бойынша 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл – соңғы онжылдықтардағы ең қиын күндердің бірі», – деп сипаттады жағдайды Италияның Азаматтық қорғаныс министрі. Сицилияда апта басында қатты жел мен аптап ыстықтан болған өрт салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Палермо әуежайының жанындағы Чинизиде өрт сөндірушілер үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың күйіп кеткен денесін тапты.

Қайтыс болғандар арасында денсаулығына байланысты жедел жәрдем шақырған 88 жастағы әйел де бар, бірақ дәрігерлер оған жетіп үлгермеді. Фальконе Борселлино халықаралық әуежайы бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатты. Қазір ұшатын рейстердің шектеулі санына рұқсат етілген. Ұшып келетін рейстер үшін ауа райы жағдайының мониторингі жүргізіледі. Бірінші және үшінші дәрежелі күйік шалған екі орманшы Палермо азаматтық ауруханасында жатыр.

Аралдың шығыс бөлігінде Таормина қаласы маңындағы көптеген вилла тұрғыны эвакуацияланып жатыр. Италияның құрлықтық бөлігінде де жалын өршіп тұр. Ең қатты зардап шеккен Реджо-ди-Калабрия провинциясы. Онда жалын кезінде үйінен шыға алмай қалған 98 жастағы ер адам көз жұмды.

Сан-Катальдо жағажай аймағы, Лечче, Апулия аймағы өртеніп жатыр. Ал Виестедегі қонақ үйлерден 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Италияның оңтүстігі өртеніп, түтінге тұншығып жатқанда, елдің солтүстігінде бұршақ пен нөсер жауын жауып, қатты дауыл соғып жатыр. Брешиа провинциясында жазғы лагерьде демалып жүрген 16 жастағы қыз қайтыс болды.

Осыдан кейін бес аймақтың билігі төтенше жағдай режимін енгізуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: