Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 01 қазан, 23:22

21 қыркүйекте Байқоңырдан «Союз МС-22» ғарыш кемесі ұшырылады

19.09.2022

48

0

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-22» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең «Союз МС-22» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағышын «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-ші алаңына шығару және орнату жұмыстары басталды. Ұшырылымға дейін үш күн қалды.

Ғарыштық мақсаттағы ракета монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды. Онда оның жалпы құрастыру және сынақ жұмыстары жүргізілді. Ракета теміржолмен «Восток» ұшырылым кешеніне жеткізілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Байқоңыр ғарыш айлағына келген Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) 68-ші ұзақмерзімді экспедициясының қатысушылары екі аптадан бері Байқоңырда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Союз МС-22» кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыранын ұшыру 2022 жылғы 21 қыркүйекке жоспарланған. Негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ Рокскосмос пен НАСА арасындағы келісім негізінде ұшатын америкалық астронавт Франциско Рубио бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: