Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:37

5 мәселе қаралды

19.08.2023

362

0

Бейсенбіде аудандық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов, аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жиында бес мәселе қаралды. Алдымен «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №30-2 шешіміне өзгерістер енгізу жайы қаралса, мұнан кейін аудан бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту жайы пысықталды.

Сессияда Жалағаш кентіндегі көшелерді қайта атау жайы да күн тәртібінен түскен жоқ. Сондай-ақ ауданда бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бе­кіту де халық қалаулыларының назарына ұсынылды. Ал соңғы мәселеге аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 4 ақ­пандағы №14-21 «Жалағаш аудандық мәслихат ап­па­раты» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны мен құры­лымын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайы арқау болды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханованың хабар­ла­масы тыңдалып, тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланған аудан бюджетіне өзгеріс енгізу туралы мә­селеге оң шешім қабылданды. Сондай-ақ екінші мәселе де депутаттар тарапынан қолдау тауып, Жалағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жи­науға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған та­рифтерді бекіту туралы шешім жобасы бекітілді.

Кент әкімі Мардан Жамалатов Жалағаш кентіндегі көшелерді қайта атау туралы мәселе бойынша хабарлама жасап, қызу талқыға түсті. Талқылау барысында аудандық мәс­лихат депутаты Гүлзат Құрманбаева әрбір көше бойынша жеке-жеке дауыс беруді ұсынып, қорытындысымен де­путаттар тарапынан аталған мәселе Жалағаш кенті бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысында қайта қа­рауға кері қайтарылды.

Соңғы екі мәселе бойынша аудандық мәслихат аппа­ра­тының басшысы Т.Сарбалаевтың хабарламасы тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Жиын соңында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов бү­гінгі отырыста қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқ­талып, аудан бюджетіне енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылатын жобалармен таныстырды.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: