Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:47

«Абай Даулет» ЖШС «Парыз» сыйлығының гран-при иегері атанды

12.12.2023

419

0

үгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Kazinform.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-при Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді.

Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.

алтын сапа

Фото: Ақорда

Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

алтын сапа

Фото: Kazinform

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент бүгінгі іс-шарада Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беретінін айтты. 

алтын сапа
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: