Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 00:04

Аймақ басшысы көпбалалы отбасыларға жаңа пәтердің кілтін табыстады

02.06.2022

431

0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Балалар жылы» аясында көпбалалы отбасыларға Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан 50 пәтерлік жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өткені белгілі. Соған сай өңірімізде тұрғын үй құрылысына басымдық беріліп, баспана мәселесін шешу батыл қадамның біріне айналды. Міне, бүгін Балалар жылы аясында Қызылордада жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Балаларымыз жаңа үйге шаттана кіріп, ішін бақытқа толтырсын деп тілеймін! Қоныс тойларыңыз құтты болсын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов жиналған қауымға батасын берді.
Сонымен қатар аймақ басшысы көпбалалы отбасы Сейтжаппаровтар әулетіне арнайы барып, жаңа қонысқа бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Сыр өңірінде 30 жыл ішінде 8 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылдың өзінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданы 95 мың шаршы метр, 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін 1244 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: