Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен алдағы «Алтын дән – 2025» мерекесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиын барысында мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді кеңінен насихаттау, облыс орталығында және аудан көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу, көрмелер ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды, мерекені мазмұнды өткізуді тапсырды.
Мереке аясында ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен саладағы жетістіктерді кеңінен дәріптеу көзделіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!