Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Дүйсенбі, 17 маусым, 01:50

«Алтын дән» жәрмеңкесінде 1000 тоннадан астам өнім сатылды

22.10.2023

195

0

Егін жинау науқанының аяқталуына орай  «Алтын дән-2023» мерекесі аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

 Онда барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін базар нарығынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынды. Ауылдардан 425 жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім әкелінді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен бірге  жәрмеңкелерді аралап, халықпен пікірлесті.

Сыр диқандары 286 млн. теңгенің  1020,6 тонна өнімін  ұсынуда.

Саудаға 140 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет, 30 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 80 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 90 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 115 тонна асқабақ,   6 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 140 бас тоқты, 50 тоннадан астам жем-шөп қойылған.

Алдағы уақытта «Алтын дән» мерекесі барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы  үздіктері марапатталатын болады.

IMG-20231022-WA0008.jpg
IMG-20231022-WA0011.jpg
IMG-20231022-WA0010.jpg
IMG-20231022-WA0009.jpg
IMG-20231022-WA0007.jpg
IMG-20231022-WA0006.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: