Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 11:52

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі диқаншылармен кездесті.

18.08.2023

512

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Абдуламитұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округіне қарасты «AB – AGRO ORDA» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында егіншілер Мәжіліс депутатына шаруашылық құрылымдарына техниканы несие арқылы рәсімдеу заңдылықтарының жеңілдетілген түрлерін қарастырып, су тапшылығына қатысты сауалдарын қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов егіншілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, шағын және орта бизнесті дамыту үшін 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағытында «Ауыл аманаты» жобасымен «Жер аманаты» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Егіншілермен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және тиісті жергілікті атқарушы орган өкілі қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: