Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:29

AMANAT:Төрағаның қатысуымен бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

14.02.2024

297

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Даму» БПҰ-ның партия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ және «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.

«Даму» бастауыш партия ұйымының төрағасы Эльмира Құттымбетова төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX (39-ші) конференциясына делегат сайлау мәселесі қаралды. Жиналысқа қатысушылардың ұсынысына сәйкес, партия мүшелерінің дауыс беруімен делегаттар қатары анықталды.

Бастауыш партия ұйымдары – халықпен арадағы алтын көпір. Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты «AMANAT» партиясының бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Әрі бұл ұстаным нақты істерімен дәлелденуде. Атап айтар болсам, қазіргі күні ауданымызда жүріп жатқан «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы. Бүгінде 50 аудан тұрғыны қаржылық сауаттылықты арттыру оқу семинарынан өтті. Былтырғы жылдың қорытындысымен «Жер аманаты» жобасы бойынша 44 мың 106 га жер қайтарылып, жоспар 129,72% орындалды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданға 54,5 млн. теңге құрайтын 7 жобаға несие берілді. «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Жастарға кеңес», «Tazalike» жобалары аясында бастауыш ұйымдарында белсенді іске асырылуда. Осы тұрғыда, бүгінгі жиналысқа қатысушы партияластарымды халық игілігі жолында жұмыс жасауға және белсенділікке шақырамын – деді партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ.

Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева партияның қолға алған іргелі жобалары мен бағдарламаларын партиялық-ұйымдастырушылық және ақпараттық бағытта насихаттау жұмыстарымен бөлісті. Сонымен бірге, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар аясында айтып өтті.

Сонымен қатар партия қатарына өтуге ниет білдірген жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттері табысталды. Аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ өз сөзінде алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуелсіздіктің тірегіне айналған «AMANAT» партиясына өтуге бел байлаған партияластарға сәттілік тіледі.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: