Бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум басталды.
Сағат тілі 7:00-ді соққанда, еліміздің барлық дауыс беру учаскелерінде әнұранымыз шырқалып, дауыс беру ресми түрде ашылды.
Ақсу ауылындағы №139 дауыс беру учаскесінде өткізіліп жатқан референдумға ауыл тұрғындары сағат 07:00-ден бастап белсенділік танытты.
Айта кетейік, ауыл бойынша дауыс берушілердің жалпы саны – 959.
Оның ішінде қарттар саны – 61 болса, үйден дауыс берушілер саны – 18.
Мұнан бөлек, алғаш рет дауыс бергелі тұрған 18 жасқа толған жасөспірімдер саны – 15.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!