Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бұйрығымен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына тағайындалған Абизов Ділмұхамед Мінуарбекұлы таныстырылды.
Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.
«Өңірімізге инвесторлар тарту және олардың жобаларын «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеуді ұйымдастыру керек. Жергілікті бизнес субъектілерін «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі» жүйесіне тіркеу, өтінім беруін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Ділмұхамед Абизов 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай және газ кеніштерін игеру мен пайдалану», Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Омбы гуманитарлық академиясында «Экономика» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын «Сырдария мұнай» акционерлік қоғамының бұрғылаушысы болып бастаған. Әр жылдары жеке секторда басшылық қызметтер атқарған.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің, «Каз Текстиль» өзін-өзі басқару ұйымы директорлар кеңесінің, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» бақылау кеңесінің төрағасы болған.
2025 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Фото: Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!