Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 04:19

Ардагер құрылысшыларға құрмет көрсетілді

08.08.2024

226

0

Елімізде 2017 жылдың 14 тамызынан бастап Құрылысшылар күні тойлануда. Құрылысшы – адамзат өркенитенің бастауында тұрған мамандық. Құрылысшы мамандығы – біздің еліміздің ең танымал және құрметті мамандықтарының бірі.

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Құрылысшылар» күніне орай ардагер құрылысшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік қабылдауда ауданымыздың құрметті құрылысшы ардагерлері Наурызбаев Базарбай, Қаниева Тынаркүл, Ермағанбетов Асқарбек, Шадаев Әбдіғани,  аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Бәйімбет Нұрланның үлгілі істерімен еңбек жолдары шараға қатысушы жастарға насихатталды. Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық мәдениет Үйінің көркемөнерпаздары ән айтып, көңіл-күй сыйлады.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлымен партия филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы алғыс хаттармен сый сияпат жасап, естелік суретке түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: